Теміртауда сағат 08:06-да дүкенде газ жарылып, үйінді астынан әйел құтқарылды, деп хабарлайды “Ұлт ақпарат” ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 ақпанда таңертен Теміртаудағы Ватутин көшесінде 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылып кеткен. Дүкенде 2 адам болды деседі. Сағат 08:44-те қиранды астынан әйел шығарылды.
“Құтқарушылар үйінділерді бөлшектеуге кірісті. Тексеру және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды. ТЖД үйінділерді талдауға кірісті. Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 бірлік техника оқиға орнына бара жатыр”, – деп мәлімдеді ТЖД.
Үйінді астынан шығарылған әйелдің жағдайы нақтыланып жатыр, қиранды астында тағы ер адам болуы мүмкін.