19 там, 2025 сағат 17:42

Шығыс Қазақстанда аю әкімдік ғимаратына келді

Серебрянск қаласында аю орталық алаңға кіріп, әкімдік ғимаратының жанынан бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұған дейін тұрғындар жануарды қаланың шетінде көргенін айтқан. Орман шаруашылығы инспекторлары бірнеше рет іздеуге шыққанымен, таба алмаған. Қала әкімдігі бейнежазбаның шын екенін растады. 

Жергілікті билік тұрғындарға қауіпсіздік үшін кешкі сағат 18:00-ден кейін көшеге шықпауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, аюға жақындап, тамақ бермеуге шақырды.