01 мау, 2021 сағат 17:55

Шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты: Қазақстан плей-офф кезеңіне өтпеді


Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының элиталық дивизионы плей-офф кезеңіне шыға алған жоқ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Еске салсақ, биылғы турнирде қазақстандық хоккейшілер төрт мәрте жеңіске жетіп, үш кездесуде қарсыластарына есе жіберіп қойды. Нәтижесінде жеті ойыннан кейін 10 ұпай жинап, турнир кестесінде 3-орынға жайғасты. Кеше Норвегияны жеңген жағдайда Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет плей-офф кезеңіне жолдама алатын еді. Өкініштісі, аталған қарсыласына қазақстандық хоккейшілер 1:3 есебімен жол берді.

Соған қарамастан, бүгін Финляндия мен Канада құрамалары арасындағы кездесуде финляндиялық хоккейшілер негізгі кезеңде басым түссе, қазақстандықтар жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болар еді. Алайда, Финляндия Канаданы буллитен 3:2 есебімен жеңді. Осылайша канадалықтар аталған ойында 1 ұпай алып турнир кестесінде Қазақстан құрамасын артқа тастап кетті. 

Айта кетейік, қазақстандық хоккейшілер бұған дейін плей-офф кезеңіне шыққан емес. Биыл сондай жетістікке жақын тұрды.