ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарып, ол бойынша үш саяси партияның ие болған депутаттық мандат санын жариялады, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Комиссия төрағасының орынбасары Констатин Петровтың айтуынша, мандаттарды тарату шаралары "Сайлау туралы" конституциялық заңның аясында атқарылады.
Cонымен ОСК жариялаған сайлау қорытындысы бойынша Мәжілістегі депутаттық манданттар былай бөлінді:
«Nur Otan» партиясы – 76 мандат,
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат,
Қазақстан Халық партиясына - 10 мандат.
Айта кетейік, сайлау қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы және Қазақстан Халық партиясына заңда көрсетілген жеті пайыздық межені еңсерді.
Заң бойынша мандаттардың тарату кезегін партияның басқарушы органы сайлауға ұсынған партиялық тізім бойынша анықтайды. Оған 10 күн беріледі.
Бүгін комиссия мүшелері Мәжіліс сайлауының соңғы нәтижесін жариялады:
Nur Otan – 71,09%;
Ақ жол – 10,95%;
Қазақстан халық партиясы – 9,1%;
Ауыл – 5,29%;
Адал –3 ,57%.
Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария еткен болатын.