05 шіл, 2025 сағат 14:50

Сәтбаев университеті Ұлттық домбыра күнін бейнебаянмен атап өтті

Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде атап өтілетін Ұлттық домбыра күніне орай Сәтбаев университетінің студенттері арнайы бейнебаян әзірлеп, қазақтың рухани мұрасына деген құрметтерін көрсетті, деп хабарлайды Ult.kz.

Мереке домбыра арқылы ұлттық болмыс пен рухани сабақтастықты ұлықтауды көздейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күннің маңызын атап өтіп: «Домбыра – қазақтың жаны, ұлт болмысының айнасы. Ұлттық құндылықты ұлықтайтын бастамаларды дәріптеу қажет», – деген болатын.

Студенттердің айтуынша, бұл күн тек мереке ғана емес, сонымен қатар мәдени тамырды сезініп, бірлікті тереңнен ұғынуға себеп болады.