21 сәу, 2025 сағат 23:38

Руслан Берденовті атып кетті

Фото: ашық дереккөз

Бұрынғы Мәжіліс депутаты, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалды, ол қазір ауруханада, деп хабарлайды Ult.kz Kozachkov offside телеграм арнасына сілтеме жасап.

"Шымкентте төтенше жағдай - қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылды. Ол қазір ауруханада, жарақат алған. Оқ атқан адам ұсталды", деп жазады Kozachkov offside телеграм арнасы.


Руслан Арысбекұлы Берденов 1985 жылы туған, қазақстандық кәсіпкер және қоғам қайраткері, 2025 жылдың 24 ақпанына дейін VIII сайланған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған, қазір Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымында.