Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 232 243-ке жетті, деп хабарлады сейсенбі күні індетпен күрес федералды жедел штабы. Ресми расталған жағдайлар саны бойынша Испаниядан озып, әлем бойынша екінші орынға шықты, деп жазады ТАСС.
Оның үстіне корольдік сәуірдің соңынан бастап ресми статистикаға тек ПТР-тест нәтижелерін енгізеді, бірақ бұған дейін антиденеге тапсырған тест нәтижелері де есептелетін. Сол себепті, індетке шалдыққандардың ресми саны азайды: егер 25 сәуірде 223,7 мың жағдай туралы хабарланса, 26 күні тек 207,6 мың адам туралы айтылды. Испания денсаулық сақтау министрлігінің хабарламаларында антидене тесті туралы ақпарат болмағанымен, кейбір БАҚ бұл көрсеткіштерді де қатар беріп жүр.
Соңғы тәулікте Ресейде инфекция жұқтырған тағы 10 899 адам анықталды, дүйсенбі күні 11 656 жағдай туралы хабарланған болатын. Індет тарай бастаған уақыттан бері тәуліктік өсу қарқыны ең төменгі деңгейге - 4,92%-ге жетті (бір күн бұрын 5,56% болды).
Қазір ресейлік 100 мың азаматқа 158 жұқтыру оқиғасы сәйкес келеді. Испанияда бұл көрсеткіш жоғары – 487-ге жетеді.
Мәскеуде инфекция жұқтырғандар саны 4,65%-ға артты. Ең төменгі көрсеткіш 21 наурыз күні тіркелді. Сол күні Ресейде шамамен 300 жұқтыру оқиғасы ғана анықталды. Сол кезде көрсеткіш 4,58% болған.
Оған қоса елде коронавирусқа тест тапсырған адам саны артып жатыр. Бір тәулікте 168 мың талдау жасалса, тесттен өткен адамдардың жалпы саны 5,8 млн.
Ресейде коронавирустан жазылып шыққандар саны 18%-дан 18,7%-ға артты, тәулік ішінде 3 711 науқас ауруханадан шығарылды. Жалпы елде 43 512 адам дертті жеңіп шықты.
Өкінішке қарай, жаңа вирустан 2 116 адам қайтыс болды, оның 107-і өткен тәулікте тіркелген.