25 мау, 2020 сағат 08:02

Полиция Ақтау қаласының маңынан арыстан ұстап алды

Ақшүкір кентінде емін-еркін жүрген арыстан туралы хабар келіп түскен. Тірі аймаққа кірген аңды инспекторлар ұстап алды, деп хабарлайды lada.kz сайты.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Кезекші пультіне Ақшүкір кентінде арыстанның емін-еркін жүргені туралы ақпарат шамамен 05:30-да келіп түскен. 

«Полиция департаментінің басшылығы, полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері келіп түскен шақыртуға дереу шықты. Арыстан ұсталды. Ол аман. Қазіргі уақытта жануардың қайдан шыққаны анықталуда», - деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.