Экс-министр Қуандық Бишімбаев сот отырысында алғаш рет жағдай қалай болғанын айтуды бастады. Айтуынша, Салтанаттың денесінде жәбірленушілер тарапы айтқан жарақаттар болмағанын айтады, сондықтан ол сотта өзін қорғауға "мәжбүр".
"Маған мұны айту өте қиын, мені кешірімге үміттенбеймін, мұнда жәбірленушілер, оның туыстары, оны жақсы көретіндердің, ата-аналары отыр. Шынымды айтсам, оның өліміне мойынсұну маған қиын болды. Мен кешірім сұрамаймын, бірақ бұл менің міндетім. Бұл орны толмас қайғы екенін түсінемін және бұл жағдайға менің қатысым барын білемін. Бастысы осыны айтқым келеді", - деді Бишімбаев.