Фото: Сәли Сабыров
22-нен 23 ақпанға қараған түні Италияның Верона қаласында 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді. Бұл туралы Sports.kz жазды.
Тікелей трансляция Қазақстан уақыты бойынша 23:45-те басталады және «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан көрсетіледі.
Іс-шара көне «Арена ди Верона» амфитеатрында өтеді.
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен Олимпиада «Beauty in Action» («Қозғалыстағы сұлулық») атты шоуымен аяқталады. Жабылу салтанатына дәстүр бойынша барлық қатысушы елдердің делегациялары, оның ішінде Қазақстан да қатысады — спортшылар аренадан салтанатты түрде өтеді. Бұл Олимпиадада Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы өнер көрсетті, олар спорттың он түрі бойынша жарысқа қатысты.
Жабылу рәсімі 2030 жылғы қысқы Олимпиаданың астанасы — Француз Альпілеріне олимпиадалық туды тапсырумен аяқталады.
