01 мам, 2021 сағат 23:47

Олимпиадаға іріктеу: Слаломды есуден ҚР құрамасы жартылай финалда


Қазақстандық спортшылар слаломды есу бойынша Азия іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 1 мамыр күні Тайландтың Паттайя қаласында слаломды есуден Олимпиада ойындарына Азия құрлықтық лицензиялық турнирі басталды. 

Жарыстың алғашқы күнінде іріктеу сындары өтіп, жартылай финалға өткен спортшылар анықталды. 

Қазақстан сапынан турнирдің жартылай финалына өткен спортшылар тізімі келесідей: 

К 1 М (ерлер, қайық) – Роман Таштамышев 

С 1 W (әйелдер, каноэ) – Анастасия Анантьева 

С 1 М (ерлер, каноэ) – Александр Куликов, Қуаныш Еренғайыпов 

К 1 W (әйелдер, қайық) – Екатерина Смирнова, Екатерина Таранцева. 

Айта кетерлігі, Азия іріктеу турнирінің жартылай финал және финалдық сындары ертең, 2 мамыр күні өтеді.