21 там, 2020 сағат 17:30

Мұхтар Шаханов қазақстандықтарды той-томалаққа бармауға шақырды

Ақын Мұхтар Шаханов корнавирус індетіне байланысты қазақстандықтарды той-томалаққа бармауға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазір - өте күрделі кезең. Ел болған соң әртүрлі жиындар, тойлар болып жатыр. Солардың бәріне қатыса берудің қажеті жоқ. Бүгінде елімізде жүріп жатқан коронавирус індетіне байланысты әрбір адам бойындағы құндылықтардың барлығы өзгеруі керек. «Сақтансаң сақтаймын» деген. Сондықтан мүмкіндігінше үйде болыңыздар», - деді ақын. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Мұхтар Шаханов дәрігерлердің қамқорлығының арқасында аман-есен үйіне оралғанын жазған едік. Шілде айында ақынның өкпесі қабынған еді.