#
#
Бейсенбі 06/08/2020
17:22 Үндістанда ауруханада болған өрт 8 адамның өмірін қиып кетті 17:16 Карантинде отбасында жанжал шығаратындарды бақылаудың жаңа тәсілі енгізілді 16:56 Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ 16:35 Коронавирус жұқтырғандардың 85 пайызы медицина назарынан тыс қалуы мүмкін – дәрігер 16:32 Жаңа оқу жылында оқушыларға арналған интернет тарифтік жоспары іске қосылады 16:25 Бірінші жартыжылдықта мемлекет келтірілген 21,1 млрд теңге экономикалық шығын өтелді 16:06 Қазақстанда 200-ден астам адам ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдырады 16:00 Эйфель мұнарасы Бейруттағы жарылыс құрбандарын еске алу үшін түнде жарықтарын өшірді 15:55 Алматыда КВИ жұқтырған жас босанған әйел ауыр халде жатыр 15:43 Коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауға қатысты кеңес өтті

Министр «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздарын марапаттайды

  • 24.06.2020
  • 0
  • 405

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова 26 маусым күні сағат 16-00-де «Мемлекеттік тіл және БАҚ-2020» республикалық байқауы жеңімпаздарын онлайн режимде марапаттайды.  

Қолына қалам мен микрофон ұстаған журналистердің дәстүрлі додасын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын ұйымдастырып келеді.

Байқау Ережесінің талаптарына сәйкес, ұсынылған журналистік еңбектердің мазмұны – мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту, қазіргі ахуалын талдау және оған мониторинг жүргізуге бағытталуы шарт. 

Жеңімпаздар «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша марапатталады.

Конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен 56 журналист қатысып, 116 материал талқыға түсіп отыр. 

Аталым бойынша жіктесе, төмендегіше болып шығады:

1.  «Үздік мақала» бойынша қатысушылар саны – 24, материалдар саны – 49;

2.  «Үздік сайт мақаласы» бойынша қатысушылар саны – 12, материалдар саны – 25;

3.  «Үздік радиобағдарлама» бойынша қатысушылар саны – 11, материалдар саны – 23;

4.  «Үздік телебағдарлама» бойынша қатысушылар саны – 9, материалдар саны – 19.

Елімізге белгілі қалам қайраткерлері мен танымал журналистерден құрылған Қазылар алқасының жақында өткен отырыста қызу талқылаудан кейін қабылдаған ортақ шешімі сол күні салтанатты түрде жария болады.

Марапаттау рәсімін төмендегі сілтеме бойынша тікелей эфир арқылы көре аласыздар: https://us02web.zoom.us/j/8440048030, Идентификатор нөмері: 844 004 8030 (қажет болған жағдайда).

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар