20 ақп, 2026 сағат 11:20

Маңғыстау - әлемдегі ең әсерлі шөлдер қатарында

Фото: Denys Shapovalov/iStockphoto

Танымал британдық басылым The Telegraph жариялаған «Өміріңізде міндетті түрде бару керек 10 шөл» атты материалында Қазақстанның Маңғыстау өңірі әлемдегі ең ерекше табиғи бағыттардың бірі ретінде аталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Басылым Маңғыстаудың айрықша ландшафтарын, үнсіздік пен шексіз кеңістікті, сондай-ақ минималистік табиғи сұлулықты ерекше атап өтті. Әлемнің әр түкпіріндегі әйгілі шөлдермен қатар аталған өңір Қазақстанның табиғи әлеуеті халықаралық деңгейде жоғары бағаланатынын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Маңғыстау — тек шөл емес, бұл ежелгі өркениеттер ізі, ғажайып шатқалдар мен ақтасты таулар, рухани және экспедициялық туризм үшін бірегей кеңістік. Мұндай халықаралық жарияланымдар Қазақстанды жаңа туристік бағыт ретінде жаһандық аудиторияға танытуға және елге келетін саяхатшылар санын арттыруға ықпал етеді.

Қазақстанның табиғи мұралары әлем назарында. Маңғыстау — соның жарқын дәлелі.