Фото: ашық дереккөз
Оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлегені үшін 9 айыпталушыға қатысты сот үкімі шыққан, деп хабарлайды Ult.kz.
Сот үш жасөспірімге 6 жыл 8 ай, тағы үш айыпталушыға 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ үш ересек айыпталушы 7 жыл 6 айға сотталды.
Айыпталушылардың бесеуі кәмелет жасына толмағандықтан, олардың жазасы жеңілдетілген. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Қызылорда облысында жас қызды сыныптастары 8 ай бойы азаптап, есірткі беріп, секс-құлдықта ұстағаны туралы жан түршігерлік оқиға қоғамда резонанс тудырды. Бұл туралы алғаш #НеМолчи қоры жазған болатын. Осы шулы іс бойынша Ult.kz толыққанды мәлімет таратып келеді.