Түнгі сағат 03:00-дегі жағдай бойынша, Бішкек қаласы мен Шу облыстық біріккен ауруханаларына түрлі жарақатпен 45 адам түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім еткендей, зардап шеккендердің арасында Шу облыстық Ішкі істер бас басқармасының басшысы Самат Құрманқұлов бар. Оған «бассүйек-миының жабық жарақаты, мидың шайқалуы, сондай-ақ ауыр дәрежедегі мидың қатты соғылуы» диагноздары қойылып отыр. Ота жасалды (бас сүйекті трепанациялау). Дәрігерлер оның операцияда
Өзге зардап шеккендердің арасында 22 адамға «жабық бассүйек-миының жарақаты, бас миының шайқалуы» диагноздары қойылған, 13 адамға резеңке оқ тиген, 2-уінің денесінің әр жеріне зақым тиген, 4 адамға оқ тиген, тағы 4-еуі денесіне соққы алған.
Олардың ішінен 1 зардап шегуші амбулаторлық емделуге жіберілді, жарақат алған арнайы жасақтың 1 сарбазы кеуде қуысына тиген оқтан ота кезінде көз жұмды. Қазіргі таңда 43 адам стационарлық ем қабылдауда.
Қырғыз Республикасы ІІМ баспасөз қызметінен мәлім еткендей, милиция халықпен соқтығысып қалмау үшін Қой-Таш ауылынан кетіп қалған. Дәл қазір милиция штаттық режімде жұмыс жасап, қоғамдық тәртіптің сақталуын және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр.
Мәлім етілгендей, құқыққорғау органдары тарапынан азаматтарға қатысты атыс қаруы қолданылған жоқ. Қару А.Атамбаевтың үйі тарапынан атылған.
Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің баспасөз хатшысы Ибраим Нұракунұлының мәліметінше, Қырғызстан Парламенті кезектен тыс отырыс өткізеді. Ол елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау бойынша арнайы операцияға байланысты Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысын өткізу жөнінде парламент спикері Дастанбек Жұмабековпен сөйлескенін атап өтті.
Еске салайық, кеше А.Атамбаевтың Қой-Таш ауылындағы үйде атыс болып, Шу облыстық ІІББ-нің жедел тергеу тобы милицияға түскен қоңырау бойынша оқиға орнына аттанды.
Айта кетсек, бұған дейін Жогорку Кенеш елдің экс-президентінен қол сұқпаушылық мәртебесін алып тастау туралы шешім қабылдаған болатын. Атамбаевқа қатысты депутаттар тарапынан тағылған айыптарды зерттеу бойынша арнайы депутаттық комиссия құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесінде оған 6 эпизод бойынша айып тағу шешімі қабылданды. Алайда Бас прокуратура комиссияның жұмысын заң тұрғысынан бағалай келе, тек бес эпизодты қалдырды.
Арнайы операция барысында оқиға орнына Шу облысынан жедел-жәрдемнің - 5, Бішкектің 3 бригадасы аттанды.