Ыстықкөлде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қойылған ескерткішті сүріп тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы kaktus.media сайтына сілтеме жасап.
Қырғызстан президентінің әкімшілігі «Рух Ордо» мәдениет орталығының суретін жариялады. Бұрын орталық аумағында Қазақстан экс-президентінің ескерткіші болған. Алайда соңғы кадрдан Назарбаев мүсіні байқалмайды.
Назарбаев ескерткіші 2005 жылы көлге жақын маңда орнатылған. Басылымның болжауынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа қойылған ескерткіш осыдан бір жыл бұрын сүрілген.
Еске сала кетейік, 20 шілде күні Шолпан-Атада Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттерінің бейресми кездесуі өтті.