26 сәу, 2021 сағат 10:29

Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі Александр Бацула қайтыс болды


Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі Бацула Александр Ефимович Алматы қаласында 96 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР Қаржы министрлігінің ұжымы Бацула Александр Ефимовичтің отбасына қайғырып көңіл айтады», - деді ведомстводан. 

Ол Қазақ КСР қаржы министрлігін 1984-1990 жылдар аралығында басқарған.