20 қаң, 2026 сағат 15:58

Қазақстанда жаңа парламент «Құрылтай» деп аталады


Фото: Ақорда


Бір палаталы парламентте 145 депутат болады. Бұл туралы Қызылордадағы құрылтайда президент Тоқаев айтты.


«Жұмыс тобы келіп түскен өтініштерді жинақтап, парламенттік реформаны жан-жақты қарастырды. Бұл жұмыстарды бақылауымда ұстадым. Бір сөзбен жарты жылға жуық талқыланып жатыр. Бір палаталы парламентті халық қолдап отыр. Депутат санын көбейтудің қажеті жоқ. Мәселе санда емес, сапада», — деді президент.


Президенттің айтуынша, Жаңа парламентте төрағаның 3 орынбасары болуы керек, ал комитет 8-ден аспауы тиіс.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында Вице-президент институтын құруды және  оны Конституцияда тиісті түрде бекітуді ұсынды. 


Сондай-ақ вице-президентті Президент Парламенттің келісімімен тағайындайтынын айтты.


Оның өкілеттіліктерін Мемлекет басшысы айқындайды.