04 мам, 2020 сағат 15:12

Карантин режимін жеңілдету: Алматы қаласының ішіндегі посттар алынып тасталды

Алматы Полиция департаменті қала ішінде орналастырылған тосқауыл (фильтрация) посттарын алып тастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл карантиндік режимнің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысандардың жұмысын қайта қалпына келтіруге байланысты болып отыр. 

Қалалық полиция басым ресурстарды азаматтардың көп шоғырланған жерлерінде (кішігірім саябақтар, алаңдар) тәртіпті және карантин режимін сақтауды бақылауға бағыттамақ. Сондай-ақ, бұл қызметкерлер жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысады.

Полиция жеке қауіпсіздік үшін карантиндік ережелер мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын ескертеді.

30 наурызда Алматы полициясы қаланың ішінде 26 полиция бекетін ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған болатын.

Төтенше жағдайдың режимін қасақана бұзған автокөлік иелері әкімшілік жауапқа тартылған болатын.