- 2016 жылғы тамызда қайтыс болған миллиардер Антонино Фернандес өзі туып-өскен ауыл тұрғындарына $210 млн доллардан қалдырды. Бұл туралы The Telegraph хабарлады.
Басылым атап өткендей, қазіргі уақытта Сереcалес дель Кондадо ауылында 80 адам тұрады. Осылайша, ауылдың әр тұрғыны 2,6 млн. доллардан алады.
Антонио Фернандес осы ауылда туды. Ол отбасындағы 13 баланың бірі болды. Тұрмыстары өте төмен болғандықтан мектепте білім де ала алмады.
32 жасында Мексикаға көшіп келіп, Grupo Modelo сыра компаниясының қоймасында мансабын бастайды. Ақыр соңында ол сыра өнімдері нарығында аса ірілерінің бірін айналған Corona брендін жасап, осы компанияның бас директоры болды.