20 мам, 2024 сағат 00:26

Иран президенті отырған тікұшақ құлағаны хабарланды


Апат туралы Иранның барлау қызметтері растап, хабар таратты, деп жазып жатыр БАҚ. 

Әзірше оқиға туралы ештеңе айтылмайды. 

Ал БАҚ Иран президенті өлгені расталса, оның орнына кім келетінін жазып үлгерген. 

Жоғарғы лидер Хаменей мақұдаса, президент қызметіне бірінші вице-президент Мохаммед Мохбер келеді екен.
69 жастағы Мохбер – 12 вице-президенттің ең үлкені. Иран Конституциясына сәйкес, бірінші вице-президент, парламент спикері және Жоғарғы Сот төрағасы 50 күн ішінде жаңа президенттің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыруға жауапты, деп жазады The Washington Post.