Маңғыстауда алаяқтар «МАЭК» атын жамылып, тұрғындарды алдап жүр

Маңғыстауда алаяқтар «МАЭК» атын жамылып, тұрғындарды алдап жүр
Lada.kz/ЖИ

Маңғыстау облысында алаяқтар өздерін «МАЭК» АҚ қызметкерлері ретінде таныстырып, электр есептегіштерін ақылы тексеру қызметін ұсынуда, деп хабарлайды ult.kz.

Lada.kz басылымының мәліметінше, компания өкілдері есептегіштерді тексерумен айналыспайтынын ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды.

«Біздің ұйым есептегіш құралдарын тексермейді. Тиісті лицензияларымыз, сертификаттарымыз бен зертханаларымыз жоқ», – деп мәлімдеді компания.

Осындай алаяқтық әрекеттер Ақтауда 2025 жылы да тіркелген. Ол кезде қаскөйлер есептегіштерді ауыстыру немесе тексеру сылтауымен тұрғындардан 1414 нөмірінен келген SMS-кодты айтуды сұраған.

Мамандар бейтаныс адамдарға SMS-кодтарды бермеуге және күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырады.