14 мам, 2021 сағат 13:39

Еуро-2020: турнирдің ресми әнұраны ұсынылды


Нидерланды диджейі мен музыкалық продюсері Мартин Гаррикс Еуро-2020 турнирінің ресми әнұранын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сингл We Are The People («Біз адамдармыз») деп аталады. 

Оның диджей Гаррикс пен U2 жазған.

Жарыс бір жылға кейінге шегеріліп, енді 2021 жылдың 11 маусымы мен 11 шілде аралығында Еуропаның 11 елінде өтетін болды. Матчтар Лондон, Рим, Мюнхен, Баку, Санкт-Петербург, Будапешт, Севилья, Бухарест, Амстердам, Глазго және Копенгагенде болады. Ал жартылай финалдық ойындар мен ақтық жарыс «Уэмбли» стадионында өткізіледі.