Фото: ҚР МАМ
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдегендей, Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай еліміздің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Кейбірі марапаттарын уақытында ала алмағандықтан, бүгін арнайы табыстау рәсімі ұйымдастырылды. Солардың қатарында «Құрмет» орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды. Ал Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.
Аида Балаева барлық марапатталған азаматтарды құттықтап, игі еңбектеріне алғыс білдірді.
