04 жел, 2023 сағат 19:11

Еліміздің кей өңірінде аяз болады

Сурет: pixabay

Синоптиктер алдағы күндері қай өңірде ауа райы күрт суытатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар болжамына сәйкес, аптаның басында республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклонның, сондай-ақ онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

"6 желтоқсанда елдің солтүстігінде қалың қар қар жауып, көктайғақ, әрі бұрқасын болады деп болжанып отыр. Тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болады.

7 желтоқсанда суық солтүстік-батыс антициклонының енуімен бүкіл республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және ауа температурасы түнде еліміздің батысында, орталығында және шығысында 10-18 градус аязға дейін, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 25-33 градус аязға дейін, оңтүстігінде 5-13 градус аязға дейін күрт төмендейді" - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп болжанып отыр.