Фото: iStock
Павлодар облысы полициясының хабарлауынша, екі суицид бойынша қылмастық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу жұмыстары кезінде белгілі болады.
Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева 2008 жылы туған жасөспірімдердің бұрын бір сыныпта оқығанын және бір-бірімен достық қарым-қатынаста болғанын айтты.
«Жігіт Екібастұз қаласындағы мектептердің бірінде 11-сыныпта оқыған, ал қыз жергілікті колледждің бірінші курс студенті болған. Екі жасөспірім де жағдайы жақсы отбасыдан шыққан. Екеуін де туыстары үйлерінен тапқан»,- деді Сәуле Шәкенева.
Оның сөзінше, жасөспірімдер оқыған білім беру мекемелерінде буллинг болмағаны анықталды.
Әлеуметтік желіде жігіттің қазасынан кейін араға екі күн салып қыздың өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады.
