09 қаз, 2024 сағат 12:24

Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды


Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды. Бұл жайлы белгілі сазгер, журналист Бекжігіт Сердәлі хабарлады.

"Қазақ эстрадасында "Жас жұбайлар", "Аман бол", "Оқ сияқты", "Нұрлы арман", "Айтшы жаным", "Сендей болмайды", "Сүйгеніме" сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды. Бақұл бол, бауырым... Асыл жары Әлияға, ұл-қыздарына қайғыра көңіл айтамыз", - деп жазды Бекжігіт Сердәлі.


Ибрагим Дәрібаев 1959 жылы 11 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Ақбастау ауылында туған. 1977-81 жылдары ҚазХТИ-ді механика мамандығын оқыды. 2008 жылы Қаскелең музыка колледжінің "Халық аспаптар оркестрі" мамандығы бойынша оқыған. 

Дәрібаевтар отбасылық ансамблі 1990 жылы Шымкент қаласында құрылған. Қазақ эстрадасында алғаш кассетамен альбом шығарған топ. «Жас жұбайлар», «Аман бол», «Нұрлы арман», «Келші, жаным», «Сендей болмайды», «Сүйгеніме» т.б. әндерімен халыққа тез танылды. 

1991 жылы «Жас Қанат» байқауында отбасылық ансамбль ретінде жүлдегер атанған.