06 сәу, 2026 сағат 17:39

Биыл қалада 550 мыңнан астам ағаш пен бұта егіледі

Фото: Алматы әкімдігі

Биыл Алматыда 550 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған, деп хабарлайды Ult.kz.

2026 жылға жоспарланған жасыл желек көлемі:

  • - 7,2 мыңнан астам ірі көлемді ағаш (биіктігі 5-6 метр)
  • - 500 мыңнан астам бұта
  • - 40 мыңға жуық кесілген ағаштың орнына көшет (2-2,5 м)

Көктемгі маусымға жоспар:

19 мыңға жуық жасыл желек отырғызу, оның ішінде:

  • — 3,7 мың ірі көлемді ағаш
  • — 15 мың кесілген ағаштың орнына егілетін көшет

Қазірдің өзінде атқарылған жұмыстар:

6 мыңнан астам жасыл желек егілді:

  • — 2,6 мың ірі көлемді ағаш
  • — 4 мың көшет

Сонымен қатар, Садықов көшесінің бойында 80 ірі көлемді ағаштан (5-6 м) тұратын жаңа аллея ашылады. 

Негізгі басымдық — егілген өсімдіктердің жақсы жерсінуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қаланың климатына төзімді түрлерді таңдау.