Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин eGov mobile-ға кірудің жаңартылған және жеңілдетілген жолын көрсетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгін, мен уәде еткен eGov mobile-ға кірудің жаңартылған және жеңілдетілген нұсқамасын көрсетемін. Бұрын Egov порталына тіркелу ыңғайсыз әрі қиын процестерден өту арқылы тура бақсылық етумен іспеттес екенін айтқан едім. Қазір, қуанышымызға орай бұл биометрия арқылы қолжетімді», - деп жазды министр Facebook парақшасында.
Министр өз мысалы бойынша тіркеудің қаншалықты оңай екенін көрсетті.
«Осы іске атсалысқан әріптестеріме және кері байланыс білдірген барлық белсенді азаматтарға алғыс айтқым келеді», - деді ол.