19 мам, 2025 сағат 11:12

Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Фото: ҚР ТСМ

Қазақстан құрамасының өкілі Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ұлттық олмипиада комитетінің хабарлауынша, қазақстандық гимнаст таспамен жаттығудың финалында жеңіске жетті.

Ал Айым Мейіржанова ұршықпен жаттығуда үшінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста да үшінші нәтиже көрсеткен болатын.