Атырау облысында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған соңғы 3 науқас туралы айтылды, - деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Ауру жұқтырғандардың барлығы Атырау облысынан тіркелді. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда - делінген хабарламада.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
09.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 39 адам анықталды.