Көліктерді соғып, екі жасөспірімді қаққан жүргізуші қамауға алынды

Көліктерді соғып, екі жасөспірімді қаққан жүргізуші қамауға алынды
Видеодан скриншот

Алматы облысының Көксай ауылында жүргізуші бірнеше көлікпен соқтығысып, жол жиегінде келе жатқан екі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға 2 қазан күні сағат 11:00 шамасында болған. Honda CR-V көлігінің жүргізушісі жолдағы бірнеше көлікке соғылып, кейін тротуармен келе жатқан екі бозбаланы қағып кеткен. Жасөспірімдер түрлі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген.

Алматы облысының полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жүргізуші ұсталып, қамауға алынған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.