26 там, 2020 сағат 07:04

Алматыда жалған ақша жасаумен айналысқан екі адам сотталды

Алматыда жалған ақша жасаушылар ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында номиналы 10 000 теңге болатын жалған банкноталарды дайындау және өткізумен айналысатын екі тұлғадан құралған қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тексеру шараларын жүргізу барысында бір топ тұлғаның алдын-ала келісім бойынша өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жалған банкноталарын дайындайтын астыртын цехты ұйымдастырғаны анықталды.

Жалған ақша дайындайтын цех ретінде жабдықталған пәтерді тінту барысында ноутбук, түрлі-түсті принтер, сутаңбасы бар арнайы қағаз, бояу флакондары, екі жағында 10000 теңгелік суреттері (бланкілері) бар сандық файлдар, банкнот пен ою-өрнектің орнын алмастыратын фольгадан жасалған ленталар, кеңсе тауарлары және құны 220 000теңгені құрайтын жалған қағаз ақша тәркіленіп алынды.

«Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 231 бабының 2-б. сәйкес (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) кінәлі деп танылып, астыртын цех ұйымдастырушылардың біріншісіне 5 жыл, екіншісіне 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.