Куәгерлердің айтуынша, терминал ішінде белгісіз бір жағдай орын алып, қатты дыбыс (хлопок немесе жарылыс сияқты) естілген. Сол сәттен кейін жерде ер адам жатқан. Жарақат алған адамды жедел жәрдем алып кетті, ал оқиға орны ширмамен жабылды.
Ресми ақпарат бойынша, ер адам өзін өзі өртеген. Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, отты дер кезінде сөндірген. Олардың іс-әрекеті өте сауатты болғаны атап өтілді.
Зардап шеккен адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді және қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде, деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Жағдайы – өте ауыр.
«Науқасқа ҚР ДСМ клиникалық хаттамасына сәйкес ем көрсетіліп жатыр», — делінген хабарламада.
