19 сәу, 2021 сағат 09:44

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді

Әлемдегі ең үлкен А68 айсбергі еріп кетті. Ол бірнеше бөлікке бөлініп қалған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sky News-қа сілтеме жасап.

2017 жылы Антарктика түбегінің Ларсен мұздығынан бөлінген айсбергтің ауданы 5800 шаршы шақырым, ал массасы шамамен бір триллион тонна болған. Алайда, соңғы спутниктік мәліметтер бойынша алып айсберг назардан жоғалып, еріп, ұсақ бөліктерге бөлініп қалған. 

Алып айсберг Айсбергтер аллеясы атауымен белгілі ауданда бір орында қалқыған күйі шамамен бір жыл бойы қозғалмаған.

Алайда A68 уақыт өте келе, жылы су мен ауаның жоғары температурасы салдарынан көлемі азая түскен. Тіпті ұсақ бөліктерге бөліне бастаған.

АҚШ Ұлттық мұз орталығының зерттеушілері бұл айсбергті бақылау мүмкін емес деп мәлімдеді. Айта кетейік, бұл орталық ұзындығы 20 шақырымнан асатын антарктикалық айсбергтерге атау беріп, бақылап отырады және құжат жасайды.