05 шіл, 2022 сағат 02:43

Алакөлде демалыс базалары өртеніп жатыр - видео


Алакөлдегі демалыс базаларының бірінен өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 4 шілдеде 23:20-да Үржар ауданы, Алакөл көліндегі демалыс базаларының бірінен өрт шыққан.


"Қатты соққан желден демалыс базасы мен көрші база әп-сәтте отқа оранды. Өрт шарпыған аумақ шамамен мыңнан аса шаршы метр. Сондай-ақ құрғақ шөп қоса жанып жатыр. Өрт сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 3 бірлік техника, жергілікті атқарушы билік пен тұрғындар жұмылуда. Күштер мен құралдар бойынша жалпы ақпарат анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Демалушылар өздігінен үйлерден кетіп жатыр. Полиция жеке құрамы жақын маңдағы базаларды қоршауға алды.

Өрт орнына ШҚО ТЖД-дан қосымша 22 қызметкер мен 6 бірлік техника, Ұлттық парктен 4 адам мен 1 техника келе жатыр.