31 қаң, 2025 сағат 10:57

Ақпанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Фото:  iStock

Биыл ақпан айы 28 күннен тұрады. Жылдың ең қысқа айында мемлекеттік мереке атап өтілмейді, сондықтан қазақстандықтар тек 8 күн демалады, –деп хабарлайды Ult.kz.

Десе де бұл айда кәсіби және өзге де бірнеше мереке бар. 

1 ақпан – Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні;
2 ақпан – Ұлттық баспа күні;
15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарған күні;

БҰҰ күнтізбесі:

4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні; Халықаралық адамзат бауырластығы күні;
10 ақпан – Дүниежүзілік дәнді-бұршақты дақылдар күні;
11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні;
12 ақпан – Қызыл қол күні (БҰҰ деңгейінде 2002 жылдан бастап соғыстар мен қарулы қақтығыстарға тартылған балаларды еске алу күні ретінде атап өтіледі); Дарвин күні;
13 ақпан – Дүниежүзілік радио күні;
20 ақпан – Әлеуметтік әділеттілік күні;
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні;
27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні.

Кәсіби мерекелердің тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығының алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.