Фото: скриншот
Блогер әрі көңіл көтеру орнының арт-директоры әлеуметтік желіде жұрттың назарын аудару үшін әдепсіз бейнелер жариялаған, деп хабарлайды Ult.kz.
Видеоларда мекеме қонақтарына тиісу, бейәдеп қылықтар мен балағат сөздер байқалады. Бұл жазбалар қала тұрғындарының ашу-ызасын туғызған.
Нәтижесінде 33 жастағы азамат қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция өкілдері ескерту жасады: қаралым мен “лайк” үшін заңды бұзуға жол берілмейді. Мұндай әрекеттер заңға сәйкес қатаң тоқтатылады.
Сонымен қатар, блог жүргізетін азаматтар арандатушы немесе қорлайтын материал жариялау заңдық жауапкершілікке әкелетінін есте ұстауы қажет.
«Интернет те заң мен моральдан тыс емес», – деді полиция.
