Жетісу облысының Қаратал ауданында көлік жүргізу құқығынан айырылған 25 жастағы ер адам мас күйінде рөлге отырған, деп хабарлайды ult.kz.
Polisia.kz мәліметінше, Үштөбе қаласында патрульдік полиция қызметкерлері Nissan Patrol көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушіден масаңдық белгілері байқалып, медициналық куәландыру оның алкоголь ішкенін растады.
Полиция оның бұған дейін сот шешімімен жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылғанын анықтады. Соған қарамастан, жүргізуші алкоголь ішкеннен кейін қайтадан көлік тізгіндеген.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, көлік басқаруға жауапкершілікпен қарауға шақырды.