«Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Астанада радио және интернет журналистикасы саласы бойынша ел тарихындағы тұңғыш «Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Қазконтент» АҚ ұйымдастырған байқауға 800-ден астам үміткер өтініш білдірген. Олардың ішінен 75 номинант іріктеліп, жеңімпаздар қорытынды кеште белгілі болды.

Байқау жеңімпаздарына естелік мүсін мен 1 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді.

Жеңімпаздар тізімі төмендегідей:

"Үздік фотосурет" номинациясында - Ерлан Омаров;

"Үздік сараптамалық материал" номинациясында "Казахстанская правда" республикалық газетінің журналисі - Фиронова Валентина;

"Үздік радиобағдарлама" номинациясында  "Шалқар" радиосының "Ән домбыра" бағдарламасы;

"Үздік репортаж" номинациясында - Олжас Беркінбаев;

"Үздік аймақтық радиостанция" номинациясында - "Астана" радиосы;

"Үздік салалық баспасөз басылым" номинациясында - "Дружные ребята" газеті;

"Үздік жыл журналы" номинациясында  "National Geografic Қазақстан" журналы;

"Журналистикадағы дебют" номинациясында "7kun.kz" сайтының журналисі - Мөлдір Иманмәди;

"Үздік журналистік зерттеу" номинациясында "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі - Жанболат Аупбаев;

"Үздік интервью" номинациясында "Капитал" республикалық газетінің тілшісі - Виктория Говоркова;

"Үздік аймақтық баспасөз басылымы" номинациясында Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті - "Рейтинг" газеті;

"Қазақстан туралы үздік танымдық материал" номинациясында "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің тілшісі - Думан Анаш;

"Үздік халықаралық сараптамалық материал" номинациясында "vlast.kz" сайтының журналисі Зарина Ахматова, "Афганистан близко" атты мақаласы;

"Үздік республикалық баспасөз басылымы" номинациясы "Айқын" республикалық газеті.