Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі жары Айман Талғатқызы өнер иесінің балаларының қуанышына арналған тойға қатысты әлеуметтік желіде тараған пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды ult.kz.
Жуырда Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова ұйымдастырған салтанатты шара әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды. Кейбір желі қолданушылары әзілкештің тойға қатыспауына оның қазіргі жұбайын себепкер деп болжаған.
Осыған байланысты оқырмандардың бірі Айман Талғатқызынан Тұрсынбек Қабатовты тойға неліктен жібермегенін сұрап, бұл шешімге таңданысын білдірген.
Алайда Айман Талғатқызы мұндай пікірлердің шындыққа жанаспайтынын айтты. Оның сөзінше, ол бұл мәселеге араласпаған және күйеуінің шешіміне ықпал етпеген.
«Осы бір жерде мен тойға жібермедім деп айтып жатыр ма? Менің оларда не шаруам бар? "Барсам бола ма?" деп сұрап тұрған еркек те жоқ. Кішкене миға қонымды әңгіме айтсаңдаршы», – деп жазды ол.
Әзірге Тұрсынбек Қабатовтың өзі балаларының тойына не себепті қатыспағаны туралы көпшілік алдында түсініктеме берген жоқ.