Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өткен семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен Қазақстан құрамасын құттықтады, деп хабарлайды ult.kz.
Қазақстан құрамасының жеңісінен кейін еліміз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға көтерілді.
Мемлекет басшысы спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік тілеп, әлемдік додаларда Қазақстанның көк туын биікте желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.