Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесуде министрліктің алдағы жұмысының негізгі бағыттары талқыланды, деп хабарлайды ult.kz.
Президент мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамытудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтау және оны кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Мемлекет басшысы Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада ілгерілетуге де ерекше мән беру қажеттігін айтты.
Бұдан бөлек, мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері қаралды. Президент отандық ақпарат кеңістігін жандандыру және заңнаманы заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіру қажет екенін атап өтті.
Кездесу соңында қоғамдық келісімді нығайту және жастардың шығармашылық әрі жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау жөнінде тапсырмалар берілді.