Телефон нөмірі арқылы мобильді аударымдарға қойылатын лимит екі есе артуы мүмкін

Телефон нөмірі арқылы мобильді аударымдарға қойылатын лимит екі есе артуы мүмкін
ашық дереккөз

Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесіндегі бір транзакцияның максималды сомасын 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін арттыруды ұсынып отыр. Бұл туралы Ұлттық банктің төраға орынбасары Бинұр Жаленов айтты.

Тиісті түзетулер «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. Егер ұсыныс қабылданса, жаңа лимит қазан айының соңында күшіне енеді.