Тау беткейі опырылып, сегіз адам қаза тапты

Тау беткейі опырылып, сегіз адам қаза тапты
Фото: freepik

Кеше Қытайдың оңтүстік-батысында болған топырақ көшкіні салдарынан оншақты тұрғын үй мен электр беру желісінің үш тірегі үйінді астында қалды, сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.

Ірі көлемдегі тау жыныстары мен топырақтың опырылуы таңертең Пэншуй уезі (Чунцин) аумағында, тау етегінде болған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, тау беткейінің опырылуы салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы 34 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Оқиға орнында ауқымды құтқару операциясы басталды. Мемлекеттік БАҚ мәліметінше, кемінде тоғыз адам құтқарылған, ал құтқарушылар тас, лай және қирандылар арасынан іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Үйінді астында қалғандардың нақты саны әлі де белгісіз. Ауданда іздеу-құтқару жұмыстарына 800-ден астам маман тартылған. Қауіпті аймақ маңында тұратын 1,1 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды.