Талғарда ер адамды пышақтап өлтірді

Талғарда ер адамды пышақтап өлтірді
Фото: freepik

Алматы облысы Талғар ауданының Ақтас ауылында тандыр нан сатып жүрген ер адам жанжал кезінде қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адамның арасында сөзге келіспеушілік туындаған. Жанжал барысында күдікті жәбірленушіні пышақпен екі рет ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ер адам алған жарақатынан көз жұмды.

Полиция 56 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды және кінәсін мойындаған.

Желідегілердің айтуынша, марқұм болған азамат өзге адамдарға барынша көмек қылатын, қолы ашық азамат болған. Сондай-ақ әр жұма сайын тегін нан тарататын болған. 

Аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.