ШҚО-да түрмеден қашқан ер адам Жетісудан табылды

ШҚО-да түрмеден қашқан ер адам Жетісудан табылды
ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті

Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеп жүрген сотталған азамат түзету мекемесіне қайтып оралмай, басқа өңірде ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеп жүрген ер адамға мекеме аумағынан тыс жерде жұмыс істеуге рұқсат берілген. Алайда таңертең жұмысқа кеткен ол белгіленген уақытта түзету мекемесіне қайтып оралмаған.

Сотталған азаматтың №24 ең төменгі қауіпсіздік мекемесінен қашқаны анықталғаннан кейін ҚАЖ департаментінің қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын бастады. Бес сағат ішінде оның қозғалыс бағыты анықталып, Жетісу облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, басқа өңірде ұсталды.

Қазіргі уақытта жазасын өтеуден жалтару дерегі бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.