Синоптиктер Алматы мен тағы 2 қала тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер Алматы мен тағы 2 қала тұрғындарына ескерту жасады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Қазгидромет Алматы мен тағы екі қала тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"2024 жылғы 10 мамырда Алматы, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.