Сеулдегі құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Сеулдегі құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты
Алматы қаласы әкімдігі

Сеулдегі құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты. Қайғылы оқиға 29 қыркүйек күні болған, деп хабарлайды ult.kz.

ҚР СІМ мәліметінше, қазақстандық жазатайым оқиғадан көз жұмған. Қазір Оңтүстік Кореяның құзырлы органдары тергеу жүргізіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланысып, консулдық-құқықтық көмек көрсетуде.

Корея билігінің дерегінше, оқиға Сеулдің Сочо ауданында таңғы 09:45 шамасында болған. 23-қабатта жұмыс істеп жүрген ер адамның үстіне бетон бөлігі құлаған.

Нысанның бас мердігері – Hyundai Engineering & Construction компаниясы.